Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаны әзірлеу турасында

translator сәрсенбі тамыз 13, 2020

Vakciny Ot Korona

Бүгінде көпшілігімізді коронавирусқа қарсы вакцинаның қашан дайын болатыны мазалайды. Қазіргі коронавирус геномы ғылыми түрде талдана бастаған жарты жылдың ішінде вакцинаға қатысты 140 жоба назарға алынып, оның 20-сы клиникалық сынақтардан өтіп жатыр.

Жақында АҚШ президенті Дональд Трамп фармацевтикалық гигант Pfizer мен неміс биотехнологиялық компаниясына осы жылдың соңына дейін 100 миллион дозалық вакцинаны әзірлеуге 2 миллиард доллар көлемінде грант бөлетінін жариялаған болатын.

Жуырда Оксфорд университеті AstCra Zeneca ғалымдары дайындаған вакцина оң нәтиже берді. Бұл дегеніміз, оны қабылдаған адамдар коронавирусты бейтараптандыратын антиденелер шығарғанын білдіреді. Қазір аталмыш вакцина Ұлибританиядағы, Бразилиядағы және басқа елдердегі 10 мыңдаған еріктілер арқылы сынақтан өтуде. Қытайлық CanSino компаниясы және америкалық Moderna компаниясы жасаған вакциналар да оң нәтиже көрсетті.

Жуықта, әңгіме барысында Джон Хопкинс университетіндегі әріптесім, профессор Джошуа Шарфтайн алдымен коронавирусқа қарсы тиімді және қауіпсіз вакцинаны жасау жолында бүкіләлемдік жарыс жүріп жатыр деген еді. Бұл оған әрбір айналым сайын додадан шығып қалатын атлеттер эстафетасын есіне түсіріпті. Айтып отырған кезеңдер вакцина сынақтарының фазаларына сәйкес келеді.

Тестілеудің бірінші кезеңі – вакциналардың қауіпсіздігін сынау. Бүгінгі күнге дейінгі жасалған вакциналардың көпшілігі адам ағзасына айтарлықтай кері әсері болмады. Тек кейде дене қызуының шамалы көтеріліуі және аздап ауырсыну сияқты зиянсыз көріністер байқалған екен. Бұл көптеген стандартты вакциналарда кездесетін құбылыс.

Екінші кезең тиімділікті бағалау, бұл жерде бастысы вакцина инфекциядан шынымен қорғалуын қамтамасыз етуіне көз жеткізу керек. Белгілі болғандай, тексерілген вакциналардың басым бөлігі еріктілерде жеткілікті күшті иммундық реакция тудыруы мүмкін. Бұл коронавирусқа тосқауыл болатын антиденелерді қалыптастырудан, сондай-ақ вирус жұқтырған жасушаларды бұзатын иммундық жасушаларды ынталандырумен байқалады.

Енді көптеген талдамалардан соң үшінші кезең келеді, дәл осы уақытта вакцинаның дозалары жасалады. Осы сатыда коронавирусқа қарсы вакцинаны енгізу қанша рет қажет болатындығын түсіну үшін ондаған мың еріктілерге сынақтар жүргізіледі. Бұл кезең өте маңызды, өйткені ол болашақ өндіріс ауқымын анықтайды. Әзірге вакцинаның қанша уақыт қорғайтынын ешкім білмейді. Вакцинаны дайындап жатқан елдер оны кем дегенде екі есе дозада енгізу қажет деп санайды. Бұл вакцина сәтті болса, үлкен мөлшерде шығару миллиардтаған дозалар шығаруға рұқсат беріледі. Әдетте бұл үш кезеңге 10 жылдан астам уақыт кетеді. Маңыздылықты ескере келе, қазір коронавирусқа қарсы вакциналар рекордтық мерзімде жүзеге асырылуда. Осы жылдың аяғына дейін өнеркәсіптік өндіріске бірнеше вакиналар қолжетімді болады деп күтілуде.

Зерттеулердің аяқталуын күтпестен, бірқатар фармацевтикалық компаниялар белгілі бір тәуекелдерді өздеріне ала отырып, өндірістік нысандарды іске қосты. Олар қауіпсіздік пен тиімділікке көз жеткізіп, рұқсат алғаннан соң өздерін коронавирустан қорғағысы келетіндерді вакцинациялауды бастау үшін, содан кейін өндірісті ұлғайту үшін белгілі бір мөлшерде дозалар болады деп үміттенеді.

Коронавирусқа қарсы вакцинаға қойылған минималды талап – ол адамдардың кем дегенде 50 пайызында иммундық қорғанысты қамтамасыз ету керек. Демек, егер шартты түрде елдің барлық тұрғындары коронавирусқа қарсы егілсе, онда халықтың жартысынан көбі вирустан қорғалған болады. Теория жүзінде бұл қалыпты өмірге қайта оралуымыз үшін жеткілікті-ақ. Сонымен қатар, іс жүзінде сәтті вакциналардың қорғаныш потенциалы әлдеқайда жоғары. Егер біз оған осы ауруға шалдығып шыққан адамдарды қосатын болсақ, онда коронавирустан қорғалатын адамдардың шеңбері кеңеймек.

Ғалымдардың пікірінше, ұжымдық қорғаныс үшін халықтың 40 пайызға жуығы коронавируспен ауырып шығуы керек немесе коронавирусқа қарсы вакцинаны қабылдауы жеткілікті. Біз осындай қорғанысты қалыптастыруға біртіндеп жақындап келе жатқан сияқтымыз.

Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.

Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.


Permalink: http://mail.vitalem.kz/anamed/tiki-view_blog_post.php?postId=152