14 қараша - Дүниежүзілік диабетпен күресу күні

translator дүйсенбі қараша 16, 2020

Priglashenie Na Meropriyatie Kaz 0

Жыл сайын 14 қарашада бүкіл әлемде 1991 жылы Халықаралық Диабет федерациясы (IDF) мен Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы (ДДҰ) құрылтайлаған Дүниежүзілік диабетпен күресу күні өтеді. Қант диабеті жедел әрекет етуді талап ететін заманауи қоғамның маңызды медициналық-әлеуметтік мәселелерінің қатарына кіреді. Қазіргі таңда әлемде қант диабетімен 463 миллионнан астам адам ауырады, мұның өзінде, әрбір екінші ересек адам анықталмаған.

Халықаралық Диабет федерациясының есептеуі бойынша Қазақстанда 20 - 79 жас аралығындағы 735 200 адам қант диабетімен өмір сүреді . IDF жыл сайын Дүниежүзілік қант диабетімен күресу күнінің негізгі тақырыбын, ауруға қарсы күрестің қазіргі күн тәртібіне және проблемаларына сүйене отырып анықтайды. 2020 жылы осы күні қант диабетімен ауыратын емделушілердің өмірінде медбикелердің ерекше рөліне көңіл аударылады. Медбикелер емделушімен өзара әрекеттесуге белсенді қатысады, себебі оларға күтім жасау мен қолдау өмірлік маңызды мәнге ие болады.

Бүгін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2020 жылға арналған есебіне сай, медбикелер денсаулық сақтау мамандарының жалпы көлемінің 59%-ын құрайды. Әлемде барлығы 27,9 млн медбике бар деп есептеледі, мұның өзінде медбикелердің ғаламдық жетіспеуі 6 миллионға жуық адамды құрайды, олардың ішінен 89%-ы табыс деңгейі төмен және табыс деңгейі орташадан төмен болатын елдерге келеді . Медбикелер көрнекті жұмысты күн сайын атқаруда. Олардың қолдауына диабетпен ғана өмір сүретін адамдар емес, сонымен қатар осы аурудың даму қауіпі бар адамдар әсіресе зәру.

Одан басқа, бүкіл әлемде диабетпен ауыратын адамдар санының өсіп келе жатқаны ескеріліп, медбикелер рөлі осы аурудың салдарын басқаруда неғұрлым маңызды бола түседі. «Әлі диабетологияның даму шапағында жетекші эндокринолог Элиот Джослин медбикелердің қант диабетімен ауыратын емделушілерді дұрыс өмір салтына үйрету үшін оларды бағыттаған екен: емдәмге, дене жаттығуларына, аяққа күтім жасауға және дәрі егу техникасына. Технологиялардың дамуы ескеріліп медициналық бикелердің қазіргі таңда оқытудағы рөлі бірнеше мәртеге артты, сондықтан өзінің өмірін осы кәсіпке арнаған адамдардың кәсіпқойлығы мен эмпатиясы жоғарғы деңгейде болуы қажет», - деп атап өтті дәрігер-эндокринолог, «Астана медициналық университеті» КеАҚ аллергология, иммунология, гематология және эндокринология курсымен балалар аурулары кафедрасының ассистенті Абдуахасова Гульмира Касеновна.

«Жыл сайын Диабетпен күресу күнінде ҚРДҚ (Қазақстан Республикасының Диабет Қауымдастығы) осы ауру жайлы хабардар болудың артуы мен жұртшылықтың назарын осы ауруға аудартуға бағытталған жобаларды іске асырады. Осы жылы 14 қарашада Санофидің қолдауымен біз қант диабетімен ауыратын балаларға арналған онлайн-іс шараны ұйымдастырамыз, оның бағдарламасы психологиялық тренингтен, дене жаттығуынан, сурет салу бойынша шебер-кластан, сонымен қатар жастар ортасында танымал диа-тиктокермен онлайн кездесуден тұрады. Біз, осы бастамалар кішкентай емделушілерге өз ауруы туралы, салауатты өмір салтының пайдасы туралы көбірек білуге көмектеседі және оларға және олардың ата-аналарына психологиялық қолдау көрсетеді деп үміттенеміз. Іс-шараға келесі сілтеме бойынша тіркелуге болады.

Балаға «диабет» диагнозы қойылған отбасыларға психологиялық көмек жиі қажет, оның үстіне диагнозды қойғаннан кейін күйзелісті еңсеру үшін ғана емес, сонымен қатар медициналық ұсынымдарды орындау уәждемесі үшін қажет: қант диабеті кезінде балалар қандағы глюкоза деңгейін күніне бірнеше рет өлшеуге, астық бірліктерінің санын есептеуге және инсулин дәрісін салуға мәжбүр. Осы процессте оларға медбикелер көмектеседі, олар емделушілердің күйін бақылап, бүкіл емделу курсы бойы өздерінің құнды ұсынымдарын береді. Сондықтан мен IDF 2020 жылы Дүниежүзілік диабет күнінің тақырыбы етіп қант диабетін емдеуде медбикенің маңызды рөлін таңдауды толық қолдаймын», - деп түсіндірді Қазақстан Республикасының Диабет Қауымдастығының басшысы Руслан Закиев.

«Біз Санофиде 100 жылға жуық біздің компаниямыздың қант диабетін емдеуге арналған тиімді препараттарды әзірлегенімен және нарыққа шығарғанымен, зерттеулер жүргізгенімен және дәрігерлер мен емделушілер үшін білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқанымен мақтанамыз. Біздің басты мақсатымыз – инновациялық емделуге қолжетімділікті ұсыну арқылы қант диабетімен ауыратын адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту. Санофи емделушілерге емделудің ең сәтті нәтижелеріне қол жеткізуге және өмір сүру сапасын жақсартуға көмектесу үшін емделушілердің өмір сүру салтына негізделетін медициналық көмекті көрсетуге біріктірілген тәсілді қолданады. Тиісті түрде күтім жасаған және емделуге бейілді болған кезде диабет, емделушілерді толыққанды өмірмен сүру, спортпен айналысу, мансап жолымен көтерілу және отбасы құру мүмкіндігінде шектемейді.

Біз, IDF осы жылы таңдаған тақырыпты қолдаймыз, себебі медбикелердің мойнына- емделушілер мен олардың отбасы мүшелеріне қант диабетін бақылау тәсілдеріне үйрету, дәрігерлік тағайындамаларды сақтау және үйде ресімдерді орындау, өмір сүру салтын өзгерту үшін уәждемені қалыптастыру, емделушілер мен олардың туыстарына әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету және көптеген басқа да міндеттердің үлкен тізімі артылады, - деп түсіндірді Санофи Қазақстан басқармасының төрағасы Виталий Быстрюков.

Санофи туралы

Санофи – ғаламдық биофармацевтикалық компания және оның миссиясы денсаулығында әртүрлі қиындықтармен тап болған адамдарға қолдау көрсету . Біздің екпелер көмегімен біз адамдарды аурулардан қорғауға ұмтыламыз, сонымен қатар біздің препараттарымыз көптеген аурудың барысын жеңілдетуге және сирек кездесетін, сонымен қатар кең таралған созылмалы аурулармен ауыратын емделушілердің өмір сүру сапасын арттыруға көмектеседі. Әлемнің 100 елінде Санофидің 100 мыңнан астам қызметкері ғылыми инновацияларды денсаулық сақтау саласындағы нақты шешімдерге айналдыру үшін күн сайын жұмыс істейді.

Қант диабеті туралы

Қант диабеті - ауыр созылмалы ауру, оның таралуы бүкіл әлемде тұрақты түрде өсіп келеді. 25 жыл бұрын қант диабетімен ауыратын аурулардың саны 130 млн. адамнан аспайды еді, 2019 жылы олардың саны 463 млн. дейін өсті, ал 2045 жылға қарай әлемде қант диабетінен зардап шегетін адамдардың жалпы саны 700 млн. адамға дейін жете алады 1.

Қант диабетінен зардап шегетін адамдардың жартысына жуығы 2 типті, өз ауруы туралы ештеңе білмейді, бұл оның өршуі мен ауыр асқынуына әкеледі. Аурудың бірінші белгілерінің білінуінен диагнозды қойғанға дейін көп жылдар өтіп кетуі мүмкін. Қант диабеті соқырлықтың, кесіп тастау мен бүйрек жетіспеушілігінің жетекші себебі болып табылады.

1 International Diabetes Federation. IDF Diabetes Atlas, 9th edn. Brussels, Belgium: International Diabetes Federation, 2019. http://www.diabetesatlas.org

БАҚ үшін байланыс жасау ақпараты:

Санофи Қазақстан

Коммуникациялар бөлімінің басшысы Надежда Лабодовская

Тел.: +7 (701) 788-45-32

E-mail: CentralAsia.Communication ішінде sanofi.com

www.sanofi.kz

Дания Утеева

PBN Hill+Knowlton Strategies

E-mail: Daniya.Uteyeva ішінде hkstrategies.com Тел.: +7 778 555 4124


Permalink: http://mail.vitalem.kz/anamed/tiki-view_blog_post.php?postId=178