Күнделікті істейтін қимыл-әрекетеріңіз ең тиімді жаттығулар болып табылады

translator дүйсенбі наурыз 11, 2019

самыми эффективными тренировкам

Ауыр сөмкені арқалап, баспалдақпен күнделікті көтеріліп жүрсіз бе? Немесе автобусқа үлгеру үшін жылдамдатып жүгірген шығарсыз? Егер ондай жағдайлар басыңыздан өткен болса, сіз өзіңіз байқамай, қайталана беретін өте пайдалы жаттығуларды орындап жүрген екенсіз.

British Journal of Sports Medicine-де жарияланған зерттеуде, көптеген адамдардың тықыршып, ызалануына себеп болатын күнделікті физикалық белсенділіктің бұл түрі денсаулыққа өте пайдалы болып келеді екен.

Шаңсорғышпен күш салып тұрып кілем тазалау немесе баспалдақтан тездетіп көтерілу секілді денеге күш түсіретін қозғалыстар, арнайы фитнес-клубтарға уақыт таппай жүрген жандар үшін таптырмас жаттығу түрлері. Бұл әсіресе артық салмағы бар, жаттықпаған адамдарға тікелей қатысты.

Негізі спорттық жаттығулар кем дегенде он минуттан артық орындалуы керек екен, алайда бұл ғылым негіздемелермен бекітілмеген. Жаңа зерттеулерге сүйенсек, денсаулықты сақтау үшін кез-келген қозғалыс қаншалықты ұзаққа созылса соншалықты пайдалы болып табылатын көрінеді.

Жақында жоғары қарқынды аралық жаттығулар көпшілікке барынша ұнай бастады - қысқа жаттығулар алты секундтан төрт минутқа дейін созылып, 30 секундтан төрт минутқа дейін демалуға негізделген. Мұндай жаттығу жүйесі жүрек пен қан тамырларын нығайтып, артық салмақтан тез арылуға және бүкіл дененің физикалық жағдайын жақсартуға көмектесетіні анықталған.

Бұлардың бәрі күнделікті қайталана беретін денеге күш түсіретін физикалық салмақтың негізінде жатыр. Шамамен 60 баспалдақтан, алты апта бойы аптасына үш рет, және күніне үш рет жүріп отырса, өкпе, жүрек және қан айналымы жүйесі жұмыстарына оң әсерін тигізуі мүмкін және болашақта жүрек-қан-тамыр ауруларының қаупін азайтады. Зерттеулер бойынша, физикалық белсенділік қанша жоғары болса, әсіресе орташа жастағы және қартайған адамдар үшін маңызды екен.

Жоғары қарқынды аралық жаттығу режимі денені шынықтырудың қауіпсіз және тиімді әдісі болып табылады, бірақ, өкінішке қарай, бұған барлық адамдар бірдей қол жеткізе бермейді. Мысалы, созылмалы ауруларға шалдыққандар, сондай-ақ орта жастағы және егде тартқан жандардың көпшілігі фитнес-жаттықтырушының қадағалауын қажет етеді. Бұдан басқа, фитнес клубында тұрақты жаттығу үшін уақыттың, дағдылардың және қаржының жетіспеушелігі де әсер етеді.

Сондықтан сарапшылардың пікірінше, күнделікті орындалатын әрекеттер жоғары қарқынды аралық жаттығуларға балама. Жиі қайталанатын қарқынды жаттығулар мынадай болуы мүмкін:

- жаяу жүру немесе велосипедпен жүру; - машинаны сауда орталықтарынан шамамен 100 метр қашықтықтағы автотұраққа тоқтатып қойып, жаяу жүріп келу; - пәтерді тазалау; - минутына шамамен 130-140 қыдам жүру; - тауға қарай жүру; - жануарлармен, мысалы итті ертіп алып күнделікті 30-90 секундтай серуендеп жүгіру. - лифт орнына баспалдақпен көтерілу.

Бұдан басқа, ұзақ серуендеу кезінде бір алаңды айналып шамамен 100-200 метрді үш-төрт рет айналып жүру, сонда сіз жүрегіңіздің жылдам соғуын және тынысыңыздың тарылғанын сезінесіз.

Осындай күнделікті қайталанбалы жаттығуларды күніне тәулігіне 30 рет қайталана берсе, дене белсенділігіңізді айтарлықтай жоғарылайды. Бұл сіздің денсаулығыңызға оң әсерін тигізеді, төзімділігіңіз артады, жүрек-қан-тамырлар жүйесі нығаяды, артық салмақтан арылып, өмір сүру сапаңыздың жоғарлауына септігін тигізеді.

Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.

Мақаланы аударып дайындаған Бағдат Сұлтанбек.

Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.


Permalink: http://mail.vitalem.kz/anamed/tiki-view_blog_post.php?postId=33