Екпеуден бас тарту - бұл дүниежүзілік денсаулық сақтау үшін қауіпті мәселе: не істеу керек?

translator Сейсенбі сәуір 16, 2019

ванцинация

Бірқатар еуропалық елдерде вакцинациялаумен оңай алдын алуға болатын қызылша инфекцясы таралып, айтарлықтай дүмпу тудырды. Бірнеше күн бұрын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қоғамдағы 10-ға жуық денсаулыққа қауіп төндіретін жайттарды анықтады, олар атап айтқанда: эбола эпидемиясы, жаһандық жылыну, қоршаған ортаның ластануы, жүрек-қан тамырлары және басқа да жұқпалы емес аурулардың таралуы, ата-аналардың вакцнацядан бас тартуы секілді мәселелер.

Жыл басынан бері Қазақстанда осы қауіпті жұқпалы аурулардың 700-дей оқиғасы тіркеліпті. 1990-шы жылдары экономкалық қиыншылықтарға байланысты екпе егу тапшылығы орын алған болса, қазіргі таңда қызылшаға қарсы сапалы екпеге еш қиындықсыз қол жетеді, алайда, бүгінгі күні оған бірден-бір тосқауыл ата-аналардың екпеден бас тартуы болып отыр.

200 жылдан бұрын ағылшын дәрігері Эдвард Дженнер бірінші рет «вакцинация» сөзін енгізіп, шешекке қарсы екпе жасаған екен. Дәрігер қауіпті аурулардан қорғануды қамтамассыз ететін бірден-бір жол – екпе егу деп шешіпті, онысы шындығында ақиқат болып шықты. Дегенмен, алғашқы күндерден-ақ екпе егуге қарсы шыққандар болды, дәрігерлерді алдамшы, зяндаушылар деп кінәлады. Сол жылдары бұл ортағасырлық қараңғылықтың салдарынан болған деп түсіндіріледі. Мысал ретінде екпенің тиімді және қауіпсіз екенін көрсету үшін, Ұлыбританияның Корольдік жұптары өз балаларына екпе еккізеді және олардың балалары инфекциялардан аман жүреді. Содан бері екпе ғаламшардағы миллиардтаған балалардың өмірін дифтерия, сіреспе, қызылша, қызамық, полиомиелит және басқа да көптеген қауіпті аурулардан сақтады.

Осыны біле тұра, біздің бірқатар қоғам қайраткерлеріміз өздерінің популисттік мәлімдемелермен ата-аналарды екпеден бас тартуға шақырғаны қынжылтады. Осылайша, олар еліміздің денсаулық сақтау саласына үлкен зиян тигізуде. Кәсіби емес пікірлерге сеніп және соған еріп, екпеден бас тартып, ата-аналар өздерінің балаларының өміріне қауіп төндіріп қана қоймай, жұқпалы аурулардың алдын алуға да айтарлықтай кедергі келтіруде.

Лондонның гигиена және тропикалық медицина мектебінің профессоры Хайди Ларсон Nature журналында «ендігі үлкен эпидемиялар профилактикалық технологиялардың жетіспеушілігінен емес, эмоционалдық індеттерден, барынша күшейтілген әлеуметтік желілер мен цифрлық технологиялардың салдарынан орын алады» - деп жазған екен. Бұл қауіп-қатерлерді жойу үшін, денсаулық сақтау жүйесі екпе егуге жол бермеуге тырысып жүрген компаниялардың әрекетіне қарамастан батыл әрекет етуі керек.

Қай жерден бастау керек?

Қарсы топтың дәлелдерін зерттеу бірінші кезекте. Өйткені, екпе егуге қарсы топтардың (оларды антиваксерлер деп атайды) айтатын дәлелдемелері екі жүз жылдан бері қарай әлі өзгерген жоқ. Себебі бұл дәлелдер қаншалықты интуитивті тартымды және драммалық болғанымен, соншалықты әсерлі. Бірақ оларды өте оңай жолмен ретке келдіруге де болады. Сондықтан екпеге қарсы топтың дәлелдерін елемейтін қажетті жүйелі, үздіксіз әрекет ететін және тиімді компаниялармен бірлесе отырып іс жүргізу керек. Оның маңызы қарапайым және түсінікті болуы керек, мысалы «Ия, екпеде химиялық заттар бар, бірақ ол улы емес»; «Жоқ, екпе сіздің иммундық жүйеңізді тоқтатпайды», «вакциналар аутизмге әкелмейді».

Халықтың уайымын да жақсы түсінуге тиіспіз. Екпенің қауіпсіздігіне күмән келтіретін ата-аналардың барлығы екпе жасауға қарсы топтың нағыз ұстанушысы емес. Зерттеулер көрсеткендей, осындай ата-аналардың саны екі пайыздан да аз екен. Қалғандары көбінесе жеке вакциналар туралы алаңсыз және шешімдер қабылдау үшін қосымша ғылыми негізделген ақпаратты қажет етеді. Тіпті вакцинацияға күмәнданатындардың көпшілігі дұрыс негізделген сенімді ақпарат алған кезде пікірін өзгертіп жатады. Сондықтан, кез-келген компания екпені жүргізу барысында түрлі пікірлерді игеруі керек, мәселелерді мұқият тыңдап, саналарындағы қорқыныштарын сейілтіп, өз позициясын өзгертуіне ықпал етуі керек.

Екпе еккізген жандардың оң нәтжесін айтып, көрсету керек, екпенің қауіпсіздігіне барынша сендіріп, антиваксерлердің сөздеріне қарсы дәлелдемелер келтіру керек. Бұл ұсыныстар орындалса айтарлықтай жақсы нәтиже көрсетері сөзсіз. Сонымен қатар, уақтылы вакцинацияның маңыздылығы туралы қол жетімді және дұрыс хабарланған ақпарат балалардың әл-ауқатына шынымен алаңдап отырған ата-анаға күмәндану үшін қажетті эликсир болуы мүмкін. Сонымен қатар, объективті ақпараттың одан әрі таралуы кезінде ата-аналардың өздерімен – көзбе-көз сөйлесу ең тиімді жол болып табылады. Зерттеулер көрсеткендей, екпе егуге көнген отбасылар залалсыздануға барынша тырысады, бірақ олар бұл мәселе бойынша неден бастау керек екенін біле білмейді. Бұл отбасыларды қажетті ақпараттық ресурстармен қамтамасыз ету маңызды болып табылады. Осындай коалицияны құру арқылы әлеуметтік желілердегі ақпараттық ағындарды органикалық түрде басқаруға болады, сөйтіп бидайды сабаннан ажыратуға болады. Шығармашылық қоғамдастықты тарту. Лондонның гигиена және тропикалық медицина мектебінде «Екпеге сенімділік» атты британдық қоғамдық жобасының қызметкерлері екпе туралы жалған қауесетті және теріс ақпарат таратпау үшін веб-сайттарды және әлеуметтік желілердің беттерін белсенді бақылауда. Сонымен қатар, мұндай теріс хабарлар әлеуетті вирусқа айналып және әлеуметтік желілер арқылы тез таралып кеткен жағдайда талқылауға араласады. Жобаның қызметкерлері халық арасында үнемі сауалдама жүргізуге және вакциналардағы сенім индексін белгілеуге қатысады. Мұның бәрі әлеуметтік желілерде агрессиялыққа қарсы, ашық вирусқа қарсылық білдірген атақты адамдардың қатысуымен, жүзеге асады.

Қажет кезінде ақылмен әрекет ету керек. 2014 жылы Диснейленддегі қызылша эпидемиясынан кейін Калифорнияның мемлекеттік денсаулық сақтау қызметі медициналық емес вакцинацияны ресми түрде алып тастады. Енді осы мемлекеттегі мектептер мен университеттер міндетті вакцинациялардың толық тізбесі болмаса, соның ішінде менингитке қарсы екпе егілмесе қабылдамайды. Олар АҚШ-тың Мичиган штатында тағы да шықты, онда олар вакцинациядан медициналық алымдар алуға қатаң талаптар қойды. Екі жағдайда да бұл шаралар екпе егудің айтарлықтай ұлғаюына әкелді. Медициналық жетекшілермен байланысты күшейту шаралары бірнеше мамандардың қорытындыларынна негізделді, сондай-ақ вакцинациядан бас тартуды негіздейтін кешенді медициналық тексеруді қамтуы мүмкін.

Бізге нақтылық қажет. Вакциналар белгілі бір деңгейде өз жетістіктерінің құрбаны болған. Дамыған елдерде бұрындары әр-бір ата-ананың екінші баласы жұқпалы аурулардан көз жұмған болса, қазір дәрігерлер ондай жаттарды кездестірмейді, ол да болса, қолжетімді екпелердің арқысы. Тағы да бір ескерте кетейін, екпе улы емес және ол балада аутизм тудырмайды. Бүгінгі таңда екпе егілгеннің арқасында жылына 3 миллионға жуық өмір аман сақталып қалып жатыр. Көптеген ғалымдар фактілер мен құбылыстарды сынауға бейім болғанымен, бұл мәселеде мұндай күмәндер мен кемшіліктер қабылданбайды – яғни, өздері айтқандай, ақты – ақ, қараны – қара деп ажырата алу керек. Вакцинация бағдарламасының жетістігінен жүздеген мың адамның өмірін сақтап қана қоймай, сонымен қатар адамның ой-өрістеріне қарсы күресте ең ұлы жеңістердің біріне қол жеткізуге болады. Осы орайда полиомиелит вакцинасын ашқан Джонас Солк еске түсіп отыр, оған «Сіз вакцинаны патенттедің бе?» деген сұрақ қойылған еді. Ол риторикалық түрде сұрақ қоюшының өзіне сұрады: «Күнді патенттеуге бола ма?» деп.

Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.

Мақаланы аударып дайындаған Бағдат Сұлтанбек.

Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.


Permalink: http://mail.vitalem.kz/anamed/tiki-view_blog_post.php?postId=43