Баларға екпе жасату керек пе?

translator дүйсенбі қыркүйек 16, 2019

15 09 2019

Қызылша, дифтерия, полиомиелит және шешек секілді індеттер бұрынырақта көптеген жас сәбилерді қыршынынан қиған болатын. Екпелер ойлап табылғаннан кейін бұл ауруларға тосқауыл қойылды, бүгінде ондай індеттер адамдар арасында сирек кездеседі десе де болады. Қазіргі ата-аналар бұл ауруларды абстракцияның бір түрі ретінде ғана бағалайды, көптеген адамдар өз көздерімен мұндай ауруларды көрмегендіктен, өз балаларына екпе жасатудың қажеті жоқ деп ойлайды. Сонымен қатар, көптеген ата-аналар екпенің иммунитетке әсерінен аутизм немесе басқа да қауіпті аурулар дамуы мүмкін деп қауіптенеді. Бірақ, сан түрлі ғылыми зерттеулер екпе мен аутизмнің туындауы арасында ешқандай байланыс тапқан жоқ.

Қызылшаға қарсы егілген екпе аутизмге әкеледі деген идея 10 жыл бұрын британдық хирург Эндрю Уэйкфилдтің жалған жарияланымына негізделеді. Дәрігер екпенің аутизммен байланысы туралы қорытындыны жасау үшін, тек 12 баланы тексерген болатын. Оның үстіне, Уэкфилдтің қарым-қатынасты талдауға деген көзқарасы ешнәрсеге негізделмейді. Автор мәселені зерттеуге маңызды жағдайларды ескерместен жүгінді. Олардың бірі - аутизм көбінесе балаларға қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы вакцинацияланған кезде, яғни 12-ші және 18-ші айлығының аралығында немесе сәл кейінірек диагноз қойылғанда бергілі болады делінген. Демек, бұл кездейсоқтық, негізі қызылшаға қарсы вакцинация аутизмді тудырмайды.

Адам баласы туылғанда анасынан көптеген ауруларға қарсы табиғи қорғаныс қалыптастырады, бірақ олар бала есейген сайын қорғаныстық күшін жоғалта бастайды. Сондықтан балаларды өлімге апаратын инфекциялардан қорғау үшін екпе салу қажет. Айта кету керек, екпелер улы емес және қауіпсіз болып табылады. Ең бастысы, вакциналарды сақтау мен тасымалдаудың барлық ережелері сақталуы керек. Қазіргі вакциналар бірнеше ондаған жыл бұрын шығарылған вакциналардан түбегейлі ерекшеленеді. Бүгінгі таңда біз биоинженерияның ең жақсы әдістерін қолдана отырып тазартылған таңдалған молекулалардың өте аз санынан тұратын, жоғары сапада тазартылған және дәлдігі жоғары вакциналармен айналысамыз.

Әрине, кез-келген медициналық араласу, оның ішінде вакцинация белгілі бір қауіптермен байланысты. Алайда, екпе салынғанда бұл қауіптер сирей бастайды. Екпе салынғаннан кейінгі кең таралған реакция - бұл бала температураның көтерілуі. Сонымен қатар, аллергиялық және басқа да көріністердің пайда болуы. Алайда, вакцинациялану қаупі вакцинацияланбағанға қарағанда өте төмен. Вакцинациядан бас тарту арқылы ата-аналар баласын көптеген дамушы елдер күресіп жеңе алмай жатқан өлімге әкелетін жұқпалы аурулардың пайда болу қаупіне душар етеді. Ғылыми зерттеулер көрсеткендей, екі жасқа дейін баланы қауіпсіз түрде 23 рет вакцинациялауға болады. Дәрігерге алғашқы барғанға балаға дейін де екпені бес рет тағайындауға болады.

Балалардың басым көпшілігі вакцинацияланған кезде, мысалы, қызылшаға қарсы (92-95% жеткілікті), вакцинацияланбаған адамдардың көпшілігі аурудан қорғалған болады. Балаға жас шектеулеріне немесе иммунитеттің әлсіреуіне байланысты вакцинациялау мүмкін болмайтын кездер болады. Яғни, халықты вакцинациялаудың жоғары пайызы аурулардан ұжымдық қорғауды қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда көптеген ата-аналар балаларын вакцинациялаудан бас тартады. Осылайша, олар жұқпалы аурулардан ұжымдық қорғаудың нашарлауына ықпал етеді және іс жүзінде олардың балаларына ғана емес, көптеген балаларға да зиян тигізеді. Есейіп келе жатқан балалардың арасында жұқпалы аурулар көбейе бастады; Сонымен қатар, оларда мұндай аурулармен күресу әлдеқайда қиын. Өкінішке қарай, вакцинацияға қарсы насихаттың кесірінен біз көптеген аурулардан ұжымдық иммунитетті жоғалтудың нақты қауіпін кездестіріп жатырмыз. Кейбір елдерде қызылша ауруы және басқа ұмытылған жұқпалы аурулардың эпидемиясы қазірдің өзінде өз нәтижесін берді. Ата-аналар кәсіби емес ақпараттық құралдардан алынған жалған ақпаратқа сенбеуі керек.

Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.

Мақаланы аударып дайындаған Бағдат Сұлтанбек.

Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.


Permalink: http://mail.vitalem.kz/anamed/tiki-view_blog_post.php?postId=69