Обырдың алдын алу шаралары: Профилактикалық медицина академиясынан 7 қарапайым ұсыныс

translator сенбі қараша 16, 2019

12 11 2019

Сізге белгілі обырдың алдын алу турасындағы мәліметтер қарама-қайшы болуы мүмкін. Кейде обырдан сақтанудың нақты кеңестері бір зерттеулер арқылы мақұлданып, бірде теріске шығарылады. Көп жағдайда обырдың алдын алу бойынша біліміміз әлі де толыққанды болмай отыр. Сондықтан да обыр қаупін болдырмау сіздің ұстанатын өмір салтыңызға да байланысты.

Төмендегі Профилактикалық медицина академиясының 7 кеңесімен таныса отырып, бұл мағлұматтардың сізге обырдың даму қаупін бәсеңдетуге көп септігін тигізетінін ескергеніңіз абзал.

1. Темекі шекпеңіз

Темекінің кез-келген түрін қолдану – сізде обырдың даму қаупін тудырады. Қатерлі ісіктің көп түрі, оның ішінде өкпе, қуық, жатыр мойны және бүйрек обырының шылым шегумен байланысы анықталған.

Егер сіз өзіңіз шылым шекпей, басқа шылым шеккен адамның қасында болсаңыз – бұл өкпе обырының қаупін тудыруы әбден мүмкін. Шылым шегуден бас тарту – денсаулығыңызды жақсартудың басты жолы, олай болса, бұл обырдың алдын ала емдеудің ең маңызды бөлігі. Егер сізге шылым шегуден қалай құтылу жолдарынан кеңес қажет болса, дәрігермен ақылдасыңыз. Дәрігер шылым шегуден бас тарту амалдарын, қалай күресу жолдарын жіті түсіндіреді.

2. Пайдалы асты тұтыныңыз

Дүкендегі пайдалы өнімдерді таңдау немесе түскі үзіліс кезіндегі ас обырдың болмауына кепіл болмаса да қаупін азайтуға көмегі бар. Міне, бірнеше есте ұстайтын кеңестер:

Көкөніс пен жемістерді, өсімдіктерден жасалған тамақтарды, үрмебұршақ және тұтас дәнді өнімдер сияқты тағамдарды өзіңіздің басты қорегіңізге айналдырыңыз.

Майлы тағамдардан бас тартыңыз. Мүмкіндігінше қарапайым жеңіл өнімдерді пайдаланып, майлы тағамнан әсіресе жануар майы бар өнімдерден аулақ болыңыз. Майдың калориясы өте көп болғандықтан ас мәзірінде жоғарғы пайызда, салмақтың артуына қауіпті, өз кезегінде обыр ауруын қоздырады.

Егер сіз ішімдікке әуес болсаңыз, оны азайтуға тура келеді. Обырдың көп түрлері, оның ішінде сүт безі, тоқ ішек, өкпе, бүйрек және бауыр обырының даму қаупі ішкен ішімдіктің және оны тұрақты пайдалану мерзіміне тепе-тең.

3. Салмағыңызды қадағалаңыз және физикалық тұрғыдан белсенді болыңыз

Қалыпты салмақты ұстау обырдың кейбір түрлерінің, оның ішінде сүт безі, қуық, өкпе, тоқ ішек және бүйрек обырының даму қаупін азайтады.

Физикалық белсенділіктің де маңызы зор. Салмақты азайтумен қатар бұл белсенділік сүт безі мен тоқ ішек обырының даму қаупін шегереді.

Ересек адамдарға физикалық жүктеменің қандай түрі болмасын пайдалы болмақ. Дегенмен денсаулыққа пайдасы бар, аз мөлшерде болса да аптасына 150 минут орта қарқынмен немесе 75 минут жоғарғы қарқынмен аэробтық жаттығуларды жасап тұрғанның пайдасы мол. Өзіңіздің күнделікті кестеңізге әр түрлі қарқынмен физикалық белсенділікке 30 минуттай жаттығуларға бөліңіз. Егер де одан да көп уақыт тапсаңыз, өте жақсы болар еді.

4. Теріңізді күн сәулесінен қорғап жүріңіз

Тері обыры – обырлардың ішіндегі көптеп кездесетін түрі болса да, оның бетін қайтару жеңіл. Келесіні байқап көріңіз:

Тал түстегі күн шуағынан абайлаңыз. Таңертеңгі 10-нан 4-ке дейінгі уақытта күнге шықпаңыз, осы уақыттағы күн сәулесі өте қауіпті.

Егерде көшеде болсаңыз көлеңкелі жерде көбірек болыңыз.Басыңызға ендң кең телпек және күннен қорғайтын көзілдірік кисеңіз тіпті жақсы.

Денеңіздің ашық жерін қымтап жүріңіз. Тығыз матадан тігілген кең, еркін жүретін киім киген дұрыс.Матаның ашық немесе қара, қоңыр түсін таңдасаңыз, басқа жұмсақ түсті ақ матадан қарағанда ультракүлгін сәулелерді көп өткізбейді.

Күннен қорғауға арналған кремдерге мән беріңіз. Сіз егер күнге шықсаңыз, күннен қорғауға арналған кремдерді қолданудан сараң болмаңыз және қажетінше қайталап жаға беріңіз. Солярийден бас тартыңыз. Олар табиғи күн сәулесі іспетті қауіпсіз емес.

Күнделікті күн астында дененің ашық бөлігімен (бет, аяқ, қол), ультракүлгін сәулелерден қорғайтын кремдерсіз 15-20 минуттай болу – міндетті болып табылады және ағзаға қауіпсіз D дәруменін қамтамасыз етеді. Ағзадағы D дәруменінің жетіспеушілігі обырдың пайда болу қаупін тудырады.

5. Екпе жасатыңыз

Обырдың алдын алу шаралары белгілі вирустық инфекциялардан қорғануды қамтиды. Дәрігерменен ақылдасып келесі ауруларға қарсы екпе жасаңыз:

В гепатиті. В гепатитінде бауыр обырының даму қаупі артады. Қауіп-қатер тобында табылатын ересектерге В гепатитіне қарсы екпе жасату көрсетілген: бірнекелік қарым-қатынасты ұстамайтын жыныстық әрекеттерге құштар белсенді адамдарға, жыныстық жолмен берілетін аурулармен ауыратын адамдарға, инъекциялық есірткіні тұтынушылар, басқа ерлермен жыныстық қатынаста болатын еркектерге, сондай-ақ қанмен және басқа да биологиялық сұйықтықтармен жұмыс жасайтын денсаулық сақтау қызметкерлеріне.

Адам папилломасының вирусы (АПВ). АПВ жыныстық жолмен беріледі және басқа жыныс мүшелерін жатыр мойны обырына, сондай-ақ бас пен мойынның жалпақ жасушалы обырына әкелуі мүмкін. Жасөспірім жасында АПВ қарсы екпе алмаған 26 жастағы және одан кіші жастағы ерлер мен әйелдер үшін қолжетімді.

6. Сақтықта жүріңіз

Обырды болырмаудың тағы бір жолы – сақтанып жүру: қауіпті жүріс-тұрыс инфекцияны жұқтыруға, ал ол өз кезегінде обырға әкеледі. Мысалға:

Қауіпсіз жыныстық қатынаспен айналысыңыз. Жыныстық қатынасқа түсетін серіктеріңіздің санын шектеңіз; жыныстық қатынас кезінде мүшеқап пайдаланыңыз. Өміріңізде жыныстық жолмен берілетін жұқпалы дертке шалдығу қаупі (мысалы ВИЧ немесе СПИД) жыныстық қатынасқа түсетін серіктеріңіздің санымен тепе-тең. ВИЧ немесе СПИД жұқтырған адамдар бауыр, өкпе, тік ішек обырына шалдығу қаупі өте жоғары. АПВ жиі жатыр мойны обырымен байланысты, бірақ ол сондай-ақ тік ішек, жыныс мүшесінің, жұтқыншақ, сарпай және қынап обырының қаупін арттыруға қабілетті.

Жеке шприцтер мен инелерді пайдаланыңыз. Жұқтырылған инені пайдалану ВИЧ-ке, сондай-ақ В және С гепатитіне әкелуі мүмкін, өз кезегінде бұл бауыр обырының қаупін арттырады. Егер сіз есірткіге тәуелді болсаңыз, міндетті түрде кәсіби мамандардың көмегіне жүгініңіз.

7. Тұрақты түрде медициналық тексерулерден өтіп тұрыңыз

Тері, тоқ ішек, қуық, жатыр мойны және сүт безі обыры тұрақты медициналық бақылаулармен, сондай-ақ дәрігерге қаралу арқылы алдын ала анықтау мүмкіндігін арттырып, сәтті емдеуге болады. Дәрігермен бірге жеке тексеру кестесін құрыңыз.

Обырдан алдын ала емдеуді бүгіннен бастап өз қолыңызға алыңыз. Ғұмыр бойы еш өкінбейтін боласыз!

Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.

Мақаланы аударып дайындаған Бағдат Сұлтанбек.

Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.


Permalink: http://mail.vitalem.kz/anamed/tiki-view_blog_post.php?postId=78