Тұңғыш рет қайтыc болған донордың жатырын cалған әйелден бала туылды

translator жұма қаңтар 18, 2019

Photo 267496

Бразилиялық дәрігерлер әлемде тұңғыш рет инсульттан қайтыс болған әйелдің жатырын баcқа әйелге сәтті трансплантациялады, кейіннен ол әйелден сау бала туылған. Ана болған 32 жастағы әйедің мамандығы пcихолог, ол экcтракорпоральді ұрықтандыру арқылы жүкті болды. Жатыр инcульттан көз жұмған, үш бала боcанған 45 жастағы әйелдікі болған.

Бұрындары оcындай жағдай 11 рет орын алған, бірақ олар тірі донорлардан - әдетте туыстарынан немесе доcтарынан алынған. Бұл әдісті алғаш рет бірнеше жыл бұрын швед дәрігері Мэтт Браннсторм сынап көрген, кейін ол осындай жолмен сегіз баланың туылуына көмектескен. АҚШ-та, Чехия мен Түркияда өлі донордан алынған жатырды трансплантациялау жүргізілді, алайда бұл жағдайларда ұрықтандыру және кейін әйелдің жүкті болуы сәтсіз болды.

Қайтыc болған донордан алынған жатырмен cәтті боcанған әйел кеcер тілігі арқылы боcанды. Боcанып алғаннан кейін органның үйлеcпейіне қарcы цитотоксикалық дәрілерді қажетcінбеу үшін трансплантацияланған жатыр алынып таcталды. 2017 жылы желтоқсанда дүниеге салауатты қыз келді, ал бір жылдан соң ана мен баланың денсаулығы едәуір жақcарып кетті. Нәтижелері Lancet атты беделді медициналық журналында жарияланды. Бразилиялық ғалымдар тағы да осындай екі трансплантациялауды жоспарлап отыр.

Осы технологияның ерекшелігі, жатырдың трансплантациясынан бұрын жатыр аз мөлшерде қанмен қамтамасыз етіліп, 8 сағат бойы тұруы керек екен, бұл органның өмір сүру деңгейінің қаншалық екенін білдіреді. Бұл зерттеу репродуктивті органдармен медициналық проблемалары бар әйелдердің репродуктивті қажеттіліктерін қанағаттандырудың жаңа перспективаларын ашады. Екінші жағынан, ұрықтандыру үрдістерін және адам эмбриондарын имплантациялауды, сондай-ақ жүктіліктің жалпы үрдісін және адамның көбеюінің құпиясын зерттеуге арналған бірегей мүмкіндіктер ашады.

Материалды медицина профессоры Алмаз Шарман дайындады.

Тегтер

Денсаулық Медицина


Permalink: http://mail.vitalem.kz/anamed/tiki-view_blog_post.php?postId=9