Нәрестелердің жүріс арбасы қауіпті деп танылды

translator дүйсенбі қаңтар 28, 2019

20 мақала

Балаңыз жүріс арбасымен талтаңдап жүріп кетеіп бара жатқанын сырттан бақылап тұрсаңыз, бейне бір комедия тамашалап отырғандай күйге енесіз. Алайда, жыл сайын стационарлардағы төтенше жағдайлар бөлімшелеріндегі балалардың мыңдаған жарақаттары осы жүріс арбасын қолданғаннан орын алып жатады екен, педиатрлар соңғы он жылда бұл танымал құралды қолдануға тыйым салуды талап етіп келеді.

“Pediatrics” журналында жарияланған ғылыми зерттеулерге сәйкес, АҚШ-та осы жүріс арбасын қолданғанның садарынан 1990 жылдан бастап 2014 жылға дейін тексеріп, қарастырғанда 15 айға дейінгі 230 мыңнан астам бала бас сүйегі сынып, басынан соққы алып, басқа да сүйектері сынып, түрлі жарақаттар алып жедел жәрдемнің еміне мұқтаж болған екен.

Жүріс арбалары өздігінен жүре алмайтын нәрестелердің мобильділігін қамтамасыз етуге арналған бірден-бір құрал әрине, бірақ төрт дөңгелектілері балаларды олар үшін қауіпті болып саналатын аймақтарға кіріп кетуіне немесе баспалдақтан құлап кетуіне себепкер болуда.

Бұл зерттеу еңбегі шырғалаңдарды болдырмауға бағытталған ережелерді, ескертпелерді қамтитын алғашқы ғылыми жұмыс. Сарапшылар қорытындылай келе аталмыш ережелер, жүріс арбаларын қолданғаннан кейін жазатайым оқиғалар санының өсуін бәсеңдетуі мүмкін, бірақ мыңдаған балалар бұрынғысынша жарақат ала беруін де тоқтатады деп кесіп айту қиын деген пікір айтты.

Дәрігерлер, белбеумен жүріс арбасына таңылған сәби секундына бір метрден астам жылдамдықпен қозғала алады деп есептейді, ал бұл оның ата-анасының реакциясынан жылдамырақ. Ересектер өз балаларына қырағылықпен қарау керек , сонда ғана олардың балалары көптеген келеңсіз жайттарға ұрына бермейді. Бірақ шын мәнінде бұл жай ғана орындалмайтын бұйрық.

Оның үстіне, көптеген ата-аналар жүріс арбаларының көмегімен балаларының жылдам жүріп кететніне шынымен де үміт артады. Дегенмен, зерттеушілер бұл арбалардың моториканың дамуын бәсеңдететіндігін дәлелдеді.

Педиатрия журналында жарияланған зерттеу еңбегіндегі авторлардың ескертулеріне қарамастан, көптеген отбасылар әлі күнге дейін жүріс арбаларын сатып алуда. Кейбір отбасылар тіпті мұны мұрагерлікпен өткеріп жатады. Дүкендерде жүріс арбалары қызықты жануарлар мен мультфильм кейіпкерлері кейпінде көз тартып, тізіліп тұрады.

Қауіпсіз альтернатива ретінде, дәрігерлер балаларға арналған белсенділікті дамытатын және қызықты стационарлық құрылғыларды пайдалануға кеңес береді.

Дегенмен, жарақаттардың себебі тек қана жүріс арбалары ғана емес. Жүріс арбаларын, кенгуру сөмкелерін, коляскаларды, пеленальді үстелдерді және шомылу орындықтарын дұрыс қолданбағандықтан әрбір сегіз минут сайын үш жасқа толмаған балалар жарақат алып ауруханаға келіп түсуде. Жақында жүргізілген зерттеу көрсеткендей, кейінгі кезде мұндай жарақаттар саны тіпті артып келеді.

Материалды медицина профессоры Алмаз Шарман дайындады.

Тегтер Денсаулық Медицина


Permalink: http://mail.vitalem.kz/incl/tiki-view_blog_post.php?postId=21