D дәруменін күннен қалай дұрыс алуға болады

translator дүйсенбі наурыз 11, 2019

Күн

Мешелді, остеопорозды болдырмайтын және басқа да пайдалы қасиеттері бар D дәрумені ежелден күн сәулесінен беріледі. Әдетте, қыс мезгілінде біз күн нұрын аңсап кетеміз, сондықтан ба, кей-кездерде бөлме немесе автокөлік терезелерінен түскен күн сәулесіне бетімізді рахаттана тосамыз. Бірақ, өкінішке қарай, мұндай ультракүлгін біздің денсаулықты нығайтуға көмектеспейді.

«Қыста болсын немесе жазда сіз терезенің алдында отырып D дәруменін әсте қабылдай алмайсыз» - деген пікір білдіреді АҚШ-тағы Бостон университеті Медицина мектебінің профессоры Майкл Холик.

Шын мәнінде, күн бізді D дәруменімен тікелей қамтамасыз етпейді. Терімізге ультракүлгін күн сәулесінің әсері болған кезде ғана өз ағзамыз аталмыш дәруменді өндіреді. Бауыр мен бүйрек D дәрумені инертті формасын биологиялық белсенді нысандарға айналдырады, олар ағзаға кальцийдің сіңірілуін жақсартады және сүйектердің нығаюын қамтамасыз етеді.

Күн сәулесі УК-А және УК-Б секілді бірнеше типті ультракүлгін сәулелерін қамтиды. Бірінші типтегі сәуле тері қабаттарына терең еніп, уақытынан бұрын қартаюға себеп болады. D дәруменінің синтезі екінші типті УК-Б сәулелерінен туады. Теріні күйдіретін міне осылар.

Өкінішке қарай, сіз ультракүлгін сәулелерін, үйде немесе автокөлікте отырып шынайы әсерін қабылдай алмайсыз. Іс жүзінде барлық құрылыстық және көлік әйнектері UV-B сәулелерін өткізбейді, керісінше зиянды УК-А сәулелерінің өтуіне жол береді.

Денеге қажетті D дәрумені күн сәулесі тікелей әсер еткенде, әсіресе жазда бөлінеді. Ол үшін күн астында күніне 10 минут болу жеткілікті. Дегенмен, солтүстік өңірлер мен елді мекендердің тұрғындарына D дәрумені бойынша жыл бойы дерлік жетіспейді.

Дегенмен, осынау пайдалы дәруменнің жетіспеушілігін тек күн көзінен ғана емес, басқа да жолдармен толықтыруға болады. Мысалы, оны қажетті азық-түліктерден алуға да болады. Оның ең жақсысы – нәлім бауыры. Сондай-ақ қылыш балық, арқан балық, байытылған сүт, апелсин шырыны, йогурт, консервіленген сардин майы, жұмыртқаның сарысы D дәруменіне бай болып келеді.

Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.

Мақаланы аударып дайындаған Бағдат Сұлтанбек.

Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.


Permalink: http://mail.vitalem.kz/incl/tiki-view_blog_post.php?postId=31